Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы басшыларының бірі ұсталды – ҰҚК

фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі басшыларының бірін ұстады. Оны ұстауға облыстық прокуратура мен Ұлттық ұлан қатысты.

Ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді өз бетінше заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабының 3-бөлігімен (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) қарастырылған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Көкшетау қаласының соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Дереккөз: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Минздрав: в 2025 году 125 тысяч детей прошли медицинскую реабилитацию

admin_altyalash

«Закон и Порядок»: молодежь ВКО выбирает путь ответственности и справедливости

admin_altyalash

Форум Power Central Asia + China запускает стратегические проекты в нефтегазохимии и «зеленой» энергетике

admin_altyalash