Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовости

Ұлтаралық араздықты қоздырған Петропавл тұрғыны жындыханада жатыр

фото: vesti.ru

Петропавл қалалық сотының мәліметінше, 4 тамызда Петропавл қалалық соты ұлтаралық алауыздықты қоздыру, азаматтардың ұлттық ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн қорлау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға жария түрде шақыру бабы бойынша Л.-ға қатысты істі қарады.

Ер адам 2014 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде ұялы телефон арқылы Facebook әлеуметтік желісінде қазақ, орыс ұлт өкілдерінің арасында алауыздықты қоздыруға бағытталған репосттар мен пікірлер жариялап отырған. Сондай-ақ ел тұтастығын бұзуға шақырған жазбалар жазып, желі қолданушылары арасында негатив тудырған. Кейін оның ауыратындығы, бұл жазбаларды жазған уақытта есi дұрыс емес халде болғаны анықталған.

Прокурор Л.-ны ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі, 180-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, қоғамдық қауіпті әрекеттерді есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатып, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі шараны қолдануды сұрады.

Психикалық күйіне байланысты, Л. сот отырысына қатысқан жоқ.

Сот оның заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес күйде жасағаны дәлелденді деп танып, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданды. Яғни қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Ұқсас жаңалықтар

Общенациональная Коалиция призвала жителей Жамбылской области прийти на референдум

admin_altyalash

Казахстан вошёл в число стран Европы и Центральной Азии, где родители всё реже прибегают к насильственным методам воспитания — снижение с 53% до 38%

admin_altyalash

Культура участия как выбор:  диалог с Клубами молодых избирателей

admin_altyalash