Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

ТЖМ 2024 жылдан бастап салынып жатқан үйлердің өрт қауіпсіздігін тексереді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2024 жылдан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі салынып жатқан үйлердің өрт қауіпсіздігін тексеруді бастайды. Бұл туралы ведомство басшысы Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздегі мәселе мынада: тұрғын үйлер салынып жатыр, ал ТЖМ-де сертификаттауды, нысандарды тексеруді алып тастаған. Бұл мәселе қашан шешіледі?» — деп сұрақ қойды тілшілер Үкіметтің кулуарында.

«Бұл мәселе жаңа жылдан бастап шешіледі. Біз жобаларды келісуге, ғимараттарды, құрылыстарды қабылдауға, сондай-ақ тексеру кезінде тікелей қатысатын боламыз», — деп қысқаша жауап берді ТЖ министрі Сырым Шәріпханов.

Яғни, қаңтар айынан бастап үй салу бойынша барлық жобаларды Төтенше жағдайлар министрлігі тексереді.

Еске сала кетсек, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенген еді. Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырған.

Өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шеккен.

Ұқсас жаңалықтар

Аким ЗКО провёл встречу с предпринимателями области

admin_altyalash

«Город осени»: роман о неповторимом духе Алматы

admin_altyalash

3 августа в Казахстане отметят День работников транспорта

admin_altyalash