10 тамызда қазақтың ақыны, ағартушысы, философ Абай Құнанбайұлының туған күні аталып өтеді. Үкімет қаулысымен Абайдың 175 жылдығында Қазақстанда 10 тамыз Абай күні деп бекітілген болатын, деп хабарлады BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұлы қайраткердің 178 жылдығы күні Астанада оның шығармашылығы мен еңбектеріне арналған ондаған іс-шара өткізіледі
10 тамыз күні таңертең өтетін Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі Астанада мерекенің бастамасы болмақ.
Сағат 10:00-де Журналистер аллеясында “Алдымда ақын Абай – Темірқазық!” әдеби кездесу өтеді.
Бір сағаттан кейін Ұлттық академиялық кітапханада “Абай әлемі” іс-шарасы ұйымдастырылады. Осы уақытта №5 кітапханада оқырмандар “Абай – жүрек қалауы, даналық белгісі” іс-шарасында бас қосады.
Сол сияқты бұл күні Абай оқуларын орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өткізеді. Сағат 17:00-де “Жастар” театры Абай шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кешке шақырады.
Бұл күні Ақкөл қаласындағы “Арман Боровичок” балалар сауықтыру орталығында “Абай – дана, Абай дара қазақта” поэтикалық кеші өтеді.
Сонымен қатар 10 тамыз күні әлеуметтік желілерде елордада тұратын барлық этнос өкілдерінің қатысуымен білім беру мекемелері арасында #МенАбайдыоқимын челленджі өтеді.
Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысындағы алаңда Абайдың 178 жылдығына орай ақынның шығармаларына жазылған күйлер орындалады. Қорғалжын алаңында “Адамзаттың алыбы – хакім Абай!”музыкалық-әдеби кешіөтеді.
Сонымен қатар кешкі сағат 18:00-де М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында “Абайдың соңғы күндері” кино көрсету іс-шарасы ұйымдастырылады.