Қазгидромет 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклонның және сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпіні 15-28 м/с-ке жететін жел тұрады.
Найзағай кезінде дауылды жел болуы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз, температурасы жоғары, ашық ауа райы сақталады. 12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында әлі де қатты ыстық 42°С сақталады.
Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында салқын ауа райы күтіледі.