Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

СҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

Коллаж: azattyq-ruhy.kz

СҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметінің мәліметінше, кеше сағат 21:45 шамасында Аралағаш ауылының маңындағы Астана-Петропавл автожолының 431-шақырымында Toyota Hiace көлігі мен жартылай тіркемесі бар MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік те жанып кетті.

Астана қаласының тұрғындары – Toyota автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі мен 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. MAN жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

ЖКО фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша СДТБТ-да тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайды зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

«Құжаттарды тексермейміз». Енді жол ережесін бұзған жүргізушілер автоматты түрде анықталады

admin_altyalash

Жанашыр жандардың көп екені көңіл қуантады

admin_altyalash

Елордада Амангелді Кеңшілікұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

admin_altyalash