Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады

Мемлекет басшысының жарлықтары жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда еріктілер қызметінің аясы кеңейіп келеді – Нұртөре Жүсіп

admin_altyalash

Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды

admin_altyalash

Үкімет барлық қаржыны басты басымдықтарға сай бөлуі керек

admin_altyalash