Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Qazaq Air вьетнамдық инвесторға сатылады

фото:QazaqAir
«Samruk- Kazyna» компаниясы Qazaq Air компаниясын вьетнамдық инвесторға сату бойынша келісімді қыркүйекте аяқтамақ.

Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді.

«Samruk- Kazyna» мен SOVICO өкілі арасындағы келісім процесі кесте бойынша жүріп жатыр. Қыркүйекте келісімді жабу жоспарланып отыр»-деді вице-министр.

Бұған дейін Көлік министрі келісім сомасы 2 млрд теңгені құрайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ шетелдік инвесторға ел ішінде және шетелге жолаушы тасымалдау үшін кемі 20 әуе көлігін тіркеу талабы қойылған. Инвестор 20 емес, 50 әуе көлігін тартатынын мәлімдеген.

Ұқсас жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары Оңалту орталығының құрылысымен танысты

admin_altyalash

Олжас Бектенов Абай облысының әкіміне: Жұмыс қарқыны жоғары болуы керек

admin_altyalash

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЭНДАУМЕНТ ҚОРЫНА САЛҒАН ҮЛЕСІ 100 ЕСЕ ӨСТІ

admin_altyalash