Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіпҚоғам

ІІМ “өткен жылдардағы” қылмыстарды ашуды жалғастыруда

Ішкі істер министрлігі бұрын жасалған қылмыстарды ашу бағытындағы жұмысты тұрақты түрде үйлестіріп келеді.

Биыл жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 17 дерегі ашылды. Оның ішінде төрт жағдайда жәбірленушілердің өлімі орын алған.

Павлодар облысында төрт жыл бұрын жасалған адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы ашылды.

2022 жылдың қыркүйегінде Шарбақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Оның денесінде көптеген жарақат белгілері болған. Жедел-тергеу іс-шараларының жүргізілгеніне қарамастан, қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмады.

2026 жылы полиция қызметкерлерінің мұқият жұмысы, қосымша жедел-іздестіру шараларын жүргізуі және марқұмның байланыс ортасын толық тексеруі нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қаза тапқан азаматтың танысы болып шықты.

Тергеу барысында оқиға күні ер адамдардың бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды. Араларында туындаған жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақаттарын салған, соның салдарынан ол көз жұмған.

9 ақпанда жиналған дәлелдердің негізінде күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Наурыз айында Павлодар облысы Шарбақты аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

ІІМ жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыруды жүргізіп келеді. Әрбір қылмыстың ашылуы ерекше бақылауда.

Ұқсас жаңалықтар

Хайп қуған блогерлер тарихты шатастырып жүр

admin_altyalash

Өңірлердегі су тапшылығы

admin_altyalash

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

admin_altyalash