Қазақтың тазысы Женевада өткен World Dog Show -2023 әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Танылмаған тұқымдар тобында қазақстандық 2 ит үздік деп танылды. Халықаралық кинология федерациясы ұйымдастырған жарысқа еліміздің атынан Тұмар мен Вангелия есімді төрт аяқтылар қатысқан болатын.
Ал жуырда Қазақстанның кинологтар қауымдастығы осы FCI (Эф-Си-Ай) ұйымының толыққанды мүшесі атанған. Бұл өз кезегінде тазы мен төбеттерге халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл жаһандық жарысқа 20 мыңнан астам ит қатысқан.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.