Тамыз айында қазақстандықтар 1 күн артығымен демалады. 30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мерекесі.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, елімізде ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Сондай-ақ осы заңда мемлекеттік мереке күні жұмыс істемейтін күн болып саналатындығы көрсетілген.
Биыл 30 тамыз сәрсенбі күніне түсіп тұр. Осыған орай қазақстандықтар мерекеде бір күн ғана демалады.
Жалпы, аптасына бес күн еңбек ететіндер үшін тамызда 9 күн демалыс болса, алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 5 күн ғана демалады.
Айта кетерлігі, Конституция күні елімізде мереке ретінде 1995 жылдан бері аталып өтіледі.