20 шілдеге қараған түні белгісіз адам Атыраудағы балабақшалардың біріне мүлікті ұрлау мақсатында пластикалық терезесінен кіріп, екі ноутбукты ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Атырау қалалық № 1 полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні ұстап, заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ», – деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.