Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы қызметінен кетті

Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Ғалымжан Пірматов бұл қызметке 2022 жылғы ақпанда тағайындалған еді.

Ғалымжан Олжаұлы 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.

Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітірген.

Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры, «Халық банкі» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, «Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017-2021 жылдары «Қазақ атом өнеркәсібі» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы болды.

Ұқсас жаңалықтар

Ауылдық жерлердегі жолдың жағдайы – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселенің бірі

admin_altyalash

15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды

admin_altyalash

Әрбір ұшудың артында азаматтарымыздың өмірін сақтап қалу тұр

admin_altyalash