Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиНовости зарубежья

Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Во Ван Тхыонгты және Вьетнам халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Біз шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген Вьетнам Социалистік Республикасымен арадағы конструктивті серіктестікті жоғары бағалаймыз. Жуырда Ханойда Қазақстан-Вьетнам қатынастарының барлық бағыты бойынша өткен ашық әрі мазмұнды талқылауларымызды ерекше еске аламын», – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, Вьетнам басшысының игі бастамаларына табыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

В Казахстане запустили новый цифровой сервис «Закон и Порядок»

admin_altyalash

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

admin_altyalash

Лидеры КНР и США поздравили Токаева с праздником Наурыз

admin_altyalash