Баскетболдан Сербия құрамасының ойыншысы Бориша Симанич Манилада өткен Әлем Кубогі кезінде бүйрегінен жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Бұл туралы TRT WORLD агенттігі хабарлайды.
Ойын кезінде Оңтүстік Судан құрамасының баскетболшысы Нуни Омота Симаничті бүйрек тұсынан ұрып жіберген. Ойынды жалғастыра алмаған 25 жастағы сербиялық дереу ауруханаға жеткізілді. Ақырында дәрігерлер оған ота жасап, бір бүйрегін алып тастады.