Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық боксшы WBO Global титулын жеңіп алды

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Әли Балоев (12-1-1, 8 КО) Қытайдың Ухань қаласында өткен кеште өнер көрсетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Кештің басты жекпе-жегінде Ә.Балоев 43 жастағы француз Сирил Макиадимен (15-3-2, 6 КО) кездесті. Олар WBO Global-дың ауыр салмақтағы (90,7 келіге дейін) белдігі үшін таласты.

Айқас межеленген 10 раундтың соңына дейін жалғасты және төрешілердің бірауызды шешімімен Балоевтың пайдасына аяқталды, есеп — 99:91, 100:90, 100:90.

Осылайша, 30 жастағы Ә.Балоев кәсіпқой бокс мансабында 13-жеңісіне қол жеткізіп, ауыр дивизионда WBO Global титулына ие болды. Сирил Макиади төртінші рет рингте жығылып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Көрермендер арасында үлкен дауға ұласты

admin_altyalash

Ұлттық банк төрағасы қызметінен кетті

admin_altyalash

Ат жарысынан әлем кубогында жеңімпаздар анықталды

admin_altyalash