Қостанай облысы Жангелді ауданының Миласай ауылында «Ауыл құтқарушылары» жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа бекет Миласай және Шилі ауылдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсетілетін аумақта шамамен 400 адам тұрады.
Бекет өрт сөндірушінің арнайы киімімен, өрт сөндіру автоцистернасымен және қажетті өрт-техникалық жарақтармен жабдықталған. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, ықтимал төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
