Қазақстанда 500-ден астам ауыл жойылуы мүмкін – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Шілде 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 500-ден астам ауыл жойылуы мүмкін

14.09.2023
0
Қазақстанда 500-ден астам ауыл жойылуы мүмкін

Кейінгі 10 жылда елімізде ауыл халқы мен ауылдық елдімекендер санының азаю үрдісі байқалып отыр. Мәселен, 2012-2022 жылдар аралығында еліміздің ауыл халқы 7,6-дан 7,5 млн адамға дейін азайды, ал ауылдар саны 6,9-дан 6,3 мың бірлікке дейін қысқарды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, жойылған ауылдардың ең көп саны елімізддің солтүстік аймақтарына тиесілі (269 ауыл жойылды). Оңтүстік өңірлерде ауылдар саны 119-ға, батыс өңірлерде 118-ге, орталық-шығыс өңірлерде 103-ке қысқарған.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрақты халық саны кемінде 50 адам болатын аумақ елдімекен болып саналады. Бұл 50 адамнан аз халқы бар елдімекендер ауыл мәртебесін жоғалтады және ресми есептен шығарылады дегенді білдіреді. Алдағы жылдары елде 500-ден астам халық саны аз ауыл жойылуы мүмкін», – деп атап өтті Өмір сапасы орталығы директорының орынбасары Айтжан Мейрембаев.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 50 адамнан аз халқы бар 549 ауыл тіркелген. Оларда 14 мыңнан астам адам тұрады.

Өңірлер бөлінісінде шағын ауылдардың ең көп саны Солтүстік Қазақстан (128 бірлік), Ақмола (56) және Батыс Қазақстан (49) облыстарында байқалады. Мұндай ауылдардың ең азы Атырау (9 бірлік), Жамбыл (4) және Маңғыстау (3) облыстарында орналасқан.

«Ауыл тұрғындары көші-қонының негізгі факторы қарапайым өмір сүру жағдайлары болып табылады. Адамдар тұруға қолайлы өмір үшін ауылдардан кетеді. Тек 2022 жылы ауылдық жерлерден 326 мыңға жуық адам көшіп кетті. Бұл ретте ауылдан көші-қонның негізгі ағымы қалаларға бағытталған», – дейді Айтжан Мейрембаев.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президентке Қытайдың жоғары технологиялық кәсіпорындары жөнінде мәлімет берілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елімізде тұмауға қарсы екпе салу басталады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.