Сіздің балаңыз күндіз жүгіреді, ойнайды, балалармен жұлысады, арасында жылап та алады. Кеш батқанда шаршап құлап, түнімен шошып шығады. Мұны қатты шаршағаннан не болмаса қорқынышты түс көргеннен деп жатамыз. Шын мәнінде балаңыздың неге жылайтынына назар аударып, қандай ойыншықпен ойнайтынын, теледидардан не көретінін бақылап көріңізші. Сол кезде сұрағыңызға жауап табасыз, себебін де білесіз.
Бұрын бала күнімізде үйдің маңайындағы өзім қарайлас қыздармен бірге “үй” деген ойын ойнайтынбыз. Сондағысы, қыздар екіге бөлініп екі үйдің адамы болып бір-бірімізге қыдырып, қуыршақтарды киіндіріп, оларға киім тігеміз. Концерт қойып, ән айтудан жарысып, өзара түрлі жарыстар да өткізетін едік. Ол уақыттарда біздің арамызда “қыз сынын” өткізу сәнде болды. Ойын болса да таныстыру дайындап, өз өнерімізді көрсетуге барынша дайындалатынбыз. Біріміздің жасаған дүниемізді екіншіміз қайталағымыз келмейді. Ер балалар азаннан кешке дейін доп қуалап, ләңгі теуіп, асық атады. Арасында оларға қосылып топай атып ойнаймыз. Күз келгеннен ауылдағылар үй-үйлеріне отын түсіреді. Өрмелеп шыға алсақ, сол отынның үсті біз үшін сахна. Осылайша, уақыттың өткенін білмей қаламыз. Мультфильмді анда-санда бір көреміз. Онда да теледидардың үстін ұрып тұрмасаң көріп отырған арнаңнан адасып қаласың. Анда-санда шыр еткен үй телефонының дауысын естиміз. Міне, менің балалық шағым осылай өткен. Қазір ше, қазіргінің балалары уақытын қалай өткізеді? Немен айналысады, не көреді?

Телефонның әлегі…
Бүгінгі күннің балалары көзін тырналап ашып, телефонға жармасады. Жеті атасын білмесе де желінің желкенін желдей еседі. Телефонның қай жерінде не бар екенін сіз бен бізден артық біледі. Балаңызды бақыласаңыз, “қошақаным, қайдасың?” деп емес “джони-джони ес папа, итинг шуга нәу папа” деп күбірлеп отырғанын аңғарасыз. Кез келген баладан өлең айтып берші десең осы өлеңді сарнап қоя береді. Ал, түстерді ағылшын тілінде айтып, санды ағылшынша санағанда баламыз вундеркинд болғандай қуанамыз. Бәрін білген дұрыс-ау, бірақ баланың санасы уланып жатқанына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Одан қалды адамның бетіне жабысқан қоңыз, тамаққа түсіп кеткен құрт-құмырсқа, баланың ізінен қуған жылан, төбеден түскен өрмекші секілді бейнежазбаларды көргенде бала түгілі үлкеннің өзі шошиды. Осындай қорқынышты дүниелерден кейін бала түнімен жылап шығатыны айдан анық. Мұның бәрі жанның тыныштығын ойлап, жыламаса болды деп қолына телефон ұстата салудан туған әдет. Осы күнге дейін сол телефонды ұстамай-ақ қанша бала өсті. Ешқайсысы ешкімнен кем болған жоқ. Бір өкінштісі, бүгінде ертегі тыңдайтын бала жоқтың қасы.

Мультфильмнің әсері…
Балалардың екінші көретін дүниесі – мультфильмдер. Қазіргі таңда кез келген жанрдағы мультфильмдерді таңдап тұрып көруге болады. Теледидардан көре алмасаңыз, интернет арқылы табасыз. Бірақ оның бала психологиясына әсері жайында қаперімізге ілмейміз. Мультфильм арқылы бала түрлі нәрсені таниды, санап үйренеді, түсті ажыратады, еңбекке икемделеді. Десек те, тәрбиелік мәні бар, мазмұнды мультфильмдердің жоқтығы жанға батады. Осыдан сәл ертеректе біздің қатарластарымыз “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”, “Ақсақ құлан”, “Қырық өтірік”, “Қаңбақ шалды” көріп өсті. Бұл мультфильммен бүгінгінің баласын таңқалдыра алмайсың. Олар шытырман, қақтығыстан тұратын, түрлі зұлымдық иесін бейнелейтін «Өрмекші адам», «Маша мен аю», «Супермен», «Два Хвоста» секілділерді көреді. Отандық емес, шет елдік кейіпкерлерді жете таниды. Ал, олардан бала қандай әсер алуы мүмкін? Мәселен, орыстың Маша қызын жақсы көрмейтін бала жоқ. Ұйқыдан тұрған кез келген бала “аю” не “Маша” деп тұрады. Онысы Маша қызды қосып бер дегені. Шыны керек, кейіпкер жақсылыққа емес нағыз бұзықтыққа, қырсықтыққа тәрбиелейді. Мұны он рет айналдырсаңыз да балаңыз көріп отыра береді. Оның жасағанын кішкентайлар міндетті түрде қайталап істейді. Бұл мультфильмнің баланы өзіне баурап алатын қандай құдіреті бар десеңізші? Танымал блогер Өркен Кенжебек өзінің бір жазбасында Маша қызға миллиардтаған қаралым жасалғандығын, әлемнің 25 тіліне аударылып, 130 телеарна контентінде тұрғандығын айтады. Осы арқылы орыс халқы өз құндылықтарын әлемге таратып отыр. Ал, біздің аниматорлар қалай жұмыс жасауда? Бізде де мультфильм түсіруге лайықты эпостық, лиро эпостық, батырлар жыры жеткілікті. Өзгені емес өзімізді қамтуымызға әбден болады.

Қазіргі күні там-тұмдап “Алдар көсе”, “Қажымұқан”, “Ертөстік”, “Құйыршық”, “Қоңыр қаз” секілді мультфильмдер шықты. Бірақ оны бала түгілі үлкендер дұрыс қабылдай алмаймыз. Неге дейсіз ғой? Себебі, кейіпкерлері өте тұрпайы. Қимыл қозғалыстары ыңғайсыз. Мәселен, Алдар көсені алайық. Продюсері Артур Краус бұл мультсериал шыққалы көрермендер сынына көп ұшырады. Өйткені, қазақтың мәдениетінен, құндылығынан бейхабар маманның жасаған кейіпкерлері сұрықсыз, кейбір тұстары қазақтың дүниетанымына келе бермейді. Тіпті, кейбір оқиғалары біз оқыған Алдардың іс-әрекетіне сай емес.
Мультфильмдерге келгенде психологтардың өз айтары бар. Олардың айтуынша, мультсериалдардың көрсетілімінен соң балалардың мінезінде агрессия және түрлі қорқыныштар пайда болады екен. Әсіресе, батыс пен жапондардың мультсериалдарын көрген балаларда фобия жиі кездесетін көрінеді. Ең қауіптісі – мультфильмдер балаларға балалықты емес, үлкен өмірді насихаттайды. Сол арқылы баланың көзқарасы өзгереді.
Қалай болғанда да әрбір ата-ана баласының болашағына, тәрбиесіне бірінші жауапты адам. Сондықтан мәні мен мазмұнына ерекше назар аударғаны абзал.
Ойыншықтар әлемі…
Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген аталарымыз ойыншықты білмей өсті. Олардың маңдайына ауыр тірлік жазылды, мойнына елдің жауапкершілігі ілінді. Кейінгілердің өзі томардың басынан доп жасап ойнады. 80-жылдары көп болмаса да, бірді-екілі қуыршақ, зырылдауық секілді ойыншықтар болды. Онан бергілер түрлі ойыншықтарды ұстай бастады. Бірақ дәл қазіргідей емес…

Ойыншық – баланың дамуына, ойлау қабілетінің артуына, жан-жақты танып-білуге арналған құрал. Алайда, бүгінгі күннің ойыншықтарының балаға пайдасынан гөрі зияны шаш етектен. Көбінің құрамы улы болатынын талай мамандар айтып келеді. Ол бір бөлек әңгіме. Біз бала психикасының әсеріне тоқталсақ.
Дүкенге не базарға бара қалсаң, ойыншықтың сан түрін кезіктіресің. Қызыл-жасылды ойыншықтың қайсысын аларыңды білмей шатасасың. Ішінен әйтеуір бағасы тиімдісін алып шығасың. Алайда, оның сапасына еш назар аудармайсың. Бастысы, бала қуанса, ұнатса болғаны. Көбінің түсінігі осындай.
Қыз бала көбіне қуыршақпен ойнайды. Оның да түр-түрі шыққан. Қазір қуыршақтан оның жасауы көп-ақ. Тарағы, айнасы, опа-далабы, төсек орны жетіп-артылады. Бала үшін алып бересіз. Міне, балаларыңыздың балалық шағын осындай ойыншықтар ұрлауда.
Енді ғана қалыптасып, ой-өрісі, таным-түсінігі дамып келе жатқан бала үшін мұндай ойыншықтар ауыр.
– Қазір дүкендерде адам шошырлық ойыншықтар қаптап кеткен. Олар баланың мінез-құлқына, ойлау қабілетіне кері әсерін тигізеді. Баласы үшін әрбір ата-ана ешнәрседен аянбайды. Дегенмен, оның бала ағзасына әсерін де ескерген жөн. Қорқынышты бейнедегі мультфильм кейіпкерлерін көрген бала психологиялық жарақат алуы мүмкін. Сондықтан ойыншық таңдарда баланың жас ерекшелігі мен талғамына баса назар аударған дұрыс, – дейді психолог Гүлжазира Жалғасбекқызы.
Бұл жерде қазақы ойыншықтардың аз екендігін де айтқымыз келеді. Бір кездері “Bal Bala” компаниясы шығарған өнімді көріп барша қазақ қуанды. “Монстр хай”, “Тобот”, “Өрмекші адам” ойыншықтарын емес, баламыз қазақ тілінде сөйлейтін “Тазша баламен”, ән шырқайтын “Қарақат” қызбен ойнайтын болды деп. Алайда, бұл ойыншықтардың сапасы жақсы болғанымен бағасы қарапайым халық үшін тиімсіз болды. Қазақы ойыншыққа қолжетімділік артпайынша, шет елдің қаңсығынан арыла алмайтын секілдіміз.
Қалай десек те, ойыншық баланың дамуына, дүниетанымын кеңейтуге, жақсылыққа үндейтін, саналы етіп тәрбиелейтін құрал болуы керек. Әрбір баланың болашағы үшін ата-ана жауапты десек, осы ретте оларға артылар жүк ауыр болмақ. Жалпы бала тәрбиесі ешқашан өзектілігін жоймайды. Сондықтан телефон беріп, ойыншық таңдап, мультфильм көрсетерде мұқият болған абзал. Балаңыздың әрбір ісіне назар сала жүріңіз.
Г.ДҮЙСЕБАЙ