Төрт түлік түгел ме? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қазан 3, 2023
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Төрт түлік түгел ме?

18.09.2023
0
Төрт түлік түгел ме?
Мал шаруашылығын басты несібем деп санаған қазақтың бұл кәсібі әлі күнге дейін өз маңызын жойған емес.
Олай болса «мал жаның аман ба?» дейтін халық жыл сайын төрт түлігін түгендеп, өсім бар-жоғын бағамдаған емес пе? Біз де аудандағы мал шаруашылығының жай-күйін зерттедік. Елімізде 180 млн гектардан астам жайылымдық жерлер барын ескерсек, отандық мал шаруашылығын дамыту да, арзан ет өндіру де өз қолымызда екендігіне көз жеткіземіз. Елімізде ірі қара мал саны 4,2%, қой 4,8%, жылқы 10,5%, түйе 6,5%, құс 4% көбейген. Сонымен қатар асыл тұқымды ірі қара малдың үлесі ірі қара мал басына шаққанда 7%-дан 13,5%-ға дейін өскен. Сондай-ақ, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс процесіне және тұқымдық түрлендіруге тартылған фермерлік шаруашылықтардың саны өткен жылы 6 мың болса, биыл 22 мыңға дейін артқан.
Жыл өткен сайын кәсіпкерлердің қарасы көбейіп келеді. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында байқалып отыр. Өткен жылы ауданда мүйізді ірі қара саны – 89 509 бас, уақ мал саны – 136 320 бас, жылқы – 23 778 бас, түйе – 1 656 бас, құс саны 31 918 бас болса, биылғы жарты жылдық көрсеткішке тоқталар болсақ, мүйізді ірі қара – 93161 бас, қой мен ешкі – 145967 бас, түйе – 1705, жылқы – 25465, құс 30079 басты құраған. Ал ет өнімі – 102 пайызға, сүт – 102,3 пайыз артқан.
Мал шаруашылығы саласында көрсеткіш жоғары. Үкімет тарапынан қолдау тапқан тиімді бағдарламалар халықтың ата-кәсіппен айналысып күн көруіне, адал еңбекпен нәпақасын табуына үлкен мүмкіндікке жол ашуда. Аудан­да ет, сүт бағытында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер қатары жетерлік. «Ару Ана» шұбат цехы шұбатпен қатар сиыр сүтінен құрт, айран, қаймақ сынды өзіміздің өнімдермен аудан тұрғындарын қамтамасыз етіп отыр. «Ару Ана» шұбат цехы жылына 245 тонна өнім өндірсе, дәл осы бағыттағы «Асылхан» шаруа қожалығының сүт фермасы 200 тоннаны құрап отыр.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков егін шаруашылығы мен мал шаруашылығында айтарлықтай өсім барын алға тартып:
– Төрт түліктің аймаққа етене жақын түрі мүйізді ірі қара мен қой малын өсірушілерге мемлекеттік қолдау кеңейіп, селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізуге, ет өндіруге байланысты мемлекеттік субсидия беріліп, мал өсіруге қызығушылық танытқан жандардың қатары жетерлік. Аудан көлемінде мал өсірумен айналысатын шаруашылық құрылымдарының саны да артқан. Бүгінде ірілі ұсақты қожалықтардың саны 700-ге жуықтаған. Қазіргі таңда мал шаруашылығын асылдандыру бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып, асыл тұқымды мүйізді ірі қараның саны 2020 жылы 980 бас болса, үш жылда 1691 басқа, асыл тұқымды қой малының саны – 19405 бастан үш жылда – 32516 басқа артып, асыл тұқымды түйе – 330 басқа, асыл тұқымды жылқы 165 басқа жеткен. Қысқы төрт түлік мал басына қажетті мал азығының жеткілікті қорын дайындау мақсатында 158,4 мың тонна шөп, 32,7 мың тонна сабан, 36,4 мың тонна жем дайындау жоспарланса, бүгінгі күні 148,3 мың тонна шөп, 22,8 мың тонна жем дайындалған. Биыл мал азықтық дақылдарын өндіру бағыты бойынша 1650 гектар күздік бидай, 447 гектар жаздық бидай, 268 гектар жүгері, 3410 гектар жаңа жоңышқа егіліп, 5578 гектар ескі жоңышқа шөбі, 194 гектар мал жемдік асқабақ өсірілуде, – деді.
P.S. Шынында, мал баққанға бітеді деп бекер айтпаса керек-ті. Төрт түлігін төлдетіп, мал баққанның несібесі зор болмақ. Ата кәсіптің жолын жалғап, ізін басқан жандардың бұл күнде асығы алшысынан түсуде. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар мен жеңілдетілген несиелердің нәтижесінде кәсіпкерлердің мал шаруашылығына қарқынды бетбұрысы жыл өткен сайын өрісі малға толып келеді. Міне, еңбектенген адамның қашан да ырысы мен берекесі мол екені сөзсіз.

Дархан Байтілес

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Күріш пісті, орақ түсті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Ұлы дала жорығы-2023» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Атаулы әлеуметтік көмек: әр балаға қанша теңгеден беріледі?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ақын Серік Қалиев дүниеден өтті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Уран банкі: Халықаралық қоғамдастық сенімі

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.