Ұн бағасы неге қымбаттады? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Ұн бағасы неге қымбаттады?

25.09.2023
0
Ұн бағасы неге қымбаттады?
Базарға барсаңыз, бағаның аспандап тұрғанын бірден байқауға болады. Әсіресе, нарықтағы азық-түлік бағасы айға жетіп тұр. Айлықты шайлыққа әзер жеткізіп отырған қарапайым халықтың жай-күйі алаңдатпай қоймайды. Бүгінгі нарықта баяғыдай арзаншылық деген ұғым жоқ. Қымбатшылық дейтін дәурен орнаған. Қымбатшылық алқымнан алса да, сатып алушылар теңгесін үнемдеп қалуға тырысады.
Қазір күнделікті тұрмыста тұты­­натын заттардың бағасы айтар­лықтай өскен. Егін-терім аяқта­лып, қамба қызылға толған мезгілде ұнның да бағасы шарықтап шыға келді. Бұған дейін 50 келі ұнның құны 8500-9000 теңгенің арасында болса, қазір ол 12800-13000 теңгенің арасында тұты­нушыларға сатылуда. Дегенмен базардағы өзге ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өз тұрақтылығын ұстап тұр.
– Өткен жылдан бері бір қап ұнды 9000 теңгеден алып жүрдік. Ал биылғы бағаның өсімі айтарлықтай жоғары. Күн дыз ете бастап еді, сауда орындары мен дүкен сөрелеріндегі ұн бағасының бұлай шарықтауын түсіне алмадық. Алдағы уақытта тіпті қымбаттап, қалтамызға салмақ түседі ме деп алаңдаймын. Менің 5 балам бар. Айына бір қап ұн жетпей қалады. Титықтап тауып отырған айлықта мардымсыз. Бұл бір жығылғанға жұдырықтай болып тиді. Алдағы күндері қайта қалыпқа келіп, шарықтаған нарық бағасы да төмендейді деген ойдамын. Халықтың арасында жағдайы сан түрлі отбасылар бар. Олардың да жағ­дайына қараған жөн, – дейді Нартай ауылының тұрғыны Қобыланды Ақылұлы.
Ұн бағасының өсуіне байланысты сейсенбі күні аудан әкімдігінің баспасөз орталығында аудандық ауыл­шаруа­шылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков пен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бақберген Әбсадық БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу, оны реттеу мен тұрақтандыру, жедел және жүйелі шаралар қабылдау жөніндегі арнайы жұмысшы тобы құрылды. Қазіргі уақытта аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ күнделікті кент орталығында орналасқан сауда орындарын және орталық базарды аралап, кент ішінде орналасқан ірі 10 дүкенге және Ә.Шорабаев атындағы орталық базарға азық-түлік бағаларына күнделікті мониторинг жасап, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр – деді брифингте М.Әшірбеков.
Сала басшыларының айтуы бойынша, қазіргі таңда бидай бағасының қымбаттауына байланысты ауданымызға келіп жатқан 50 келі ұнның бағасы 12800 теңге, ал дүкен­дегі сатылу бағасы 13000 теңге. Мұның себебі, ауданда ұн шығаратын зауыт­тың жоқ­тығы, өңірге келіп жатқан ұн­дар­дың барлығы өзге облыс­тар­дан тасымалдануында. Тасымал арқылы жет­­кі­зіл­ген ұн бағасына шектеу қоя алмайтынымыз тағы бар. Қазіргі таңда аудандағы нан бағасын тұрақ­тан­дыру мақсатында аудан әкімдігі тарапынан «Байқоңыр әлеуметтік кәсіпкерлік кор­порациясы» акционерлік қоғамымен бірле­сіп, екі жақты келісім шарт жасалып, аудан­дағы наубайханаларға арналған әлеу­­­меттік ұн жеткізіп беру мақсатында келіс­­­сөз­дер жүргізіліп жатыр. Келісім шарт арқы­лы жеңілдетілген бағадағы 30 тонна әлеуметтік ұнға өтінім берілді. Нан баға­сының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақ­сатында Шиелі ауданы әкімдігі мен «Байқоңыр ӘКҚ» АҚ мен келісім шартқа отырып, ауданда нан бағасы тұ­рақ­ты бағада сатылатын болады.
Сала жетекшілерінің айтқанына назар аударсақ, расында өзіңде болмаған нәрсе, өзгеден қалай келерін білмейсің. Ал өзге өңірлерден жеткізіліп жатқан тауар бағасына шектеу қойылмайды. Баға тұрақтылығын сақтау үшін аудан орталығы­нан ұн шығаратын зауыт пен өнім сақтайтын қойма бой көтерген жағдайда, сырттан келетін тауарларға тәуелді болмай, нарық бағасын да тұрақты ұстауға болады.
Дархан Байтілес
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Балық аулаудан, бақ сынасты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Еуропа мен Америкада тағамды қолмен жейтіндер көбейді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.