Қазақстанда 10 мың трактор мен 1 000-ға жуық комбайн шығаруға мүмкіндік бар – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қазақстанда 10 мың трактор мен 1 000-ға жуық комбайн шығаруға мүмкіндік бар

26.09.2023
0
Қазақстанда 10 мың трактор мен 1 000-ға жуық комбайн шығаруға мүмкіндік бар

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесі қарсаңында өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлихан Смайылов Беларусь Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес екенін атап өтті. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 23%-ға өсіп, $1 млрд шегінен асты. Премьер-Министрдің айтуынша, өсімнің жоғары серпінін сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ауқымын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет.

Сонымен қатар екі ел арасындағы серіктестіктің қозғаушы күшінің бірі – өнеркәсіптік кооперация. Мәселен, қазірдің өзінде құны $180 млн-ға жуық 8 жоба жүзеге асырылып, соның негізінде 1 400 жаңа жұмыс орны ашылды. Іске асыру сатысында құны $19 млн-ды болатын 2 жоба бар. Бұл ретте Қазақстан мен Беларусь ведомстволары 800-ге жуық жұмыс орнын құру арқылы құны $100 млн-нан асатын тағы 4 жобаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Қазақстан индустриялық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға және қолданыстағы өндіріс орындарының қуатын кеңейтуге мүдделі», – деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Беларусь Премьер-министрі Қазақстан мен Беларусь Республикасының табысты ынтымақтастық жобалары осы бағытты одан әрі дамыту үшін үлгі бола алатынын атап өтті.

«Қазіргі бірлескен өндірістік қуаттар қазірдің өзінде Қазақстанда жылына 10 мың трактор мен 1 мыңға дейін комбайн шығаруға мүмкіндік береді. Біз бұл жобаларға алдағы уақытта да қолдау күтеміз», – деді Роман Головченко.

Сонымен қатар ол агроөнеркәсіптік кешен, өрт сөндіру-құтқару техникасын өндіру және құрылыс саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын атап көрсетті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Еуропа мен Америкада тағамды қолмен жейтіндер көбейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Азия ойындары: қоржынымызда – 1 күміс, 3 қола

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.