Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Депутат ақпараттық шабуыл мен қысымға қарамастан пікірі өзгермегенін айтты

Ринат Зайытов, фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жуырда сұқбат беріп, «Қазақстандағы алаяқтықтың 80 пайызын жасайтын қауым – намаз оқитындар» деген мәлімдеме жасады.

Алайда, депутат қоғамда дау туғызған сол мәлімдемесінен кейін де пікірі өзгермегенін айтты.

Мәжіліс кулуарында журналистер Ринат Зайытовтан «Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен пікіріңізді өзгерткен жоқсыз ба? Өз ұстанымыңызда қаласыз ба?» деп сұрады.

Бұл туралы әлеуметтік желіде де жаздым. Өз ұстанымымнан таятын болсам, сіздер бірінші естисіздер, – деді депутат.

Сондай-ақ депутат даулы мәлімдемесінен кейін Мәжілісте оның тәртібі сөз болғанын айтты.

Иә, шағымдар, арыздар болды. Дисциплинарлық топ та құрылды. Нақты шағымға өзім жауап бердім. Қалыпты жағдай ғой, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық

admin_altyalash

Бүгінде барлық әлемдік астаналарда жүгіру дәстүрге айналған

admin_altyalash

Көрікті Алтай туралы сериал түсірілген жер туризмнен он күнде 25 млрд теңге табыс тапты

admin_altyalash