Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

XIX Азиада: Қазақстан қоржынына сегізінші жүлде түсті

фото: Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті.

Стенд атудың скит бағдарламасында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 рет нысананы дәл көздеді. Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті.

Ұлттық құраманың тағы бір мергені Ольга Панарина финалда 34 ұпаймен 4-орын алды.

Бұған дейін Әсем Орынбай стенд атудан скит бағдарламасы бойынша Зоя Кравченкомен және Ольга Панаринамен бірге финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанған еді. Олар Азия ойындарының рекордын 344 ұпаймен жаңартты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Солтүстік Ирландия кездесуі: ЭКСПО аумағында тікелей эфирде көрсетіледі

admin_altyalash

Қызылорда облысының өнерпаздары Швейцария төрінде концерт өткізді

admin_altyalash

Борышкерлерден банкроттық туралы өтінішті қабылдау қашан басталады?

admin_altyalash