Фото: aikyn.kz
Енді оған 3,3 мың теңге төлесе жеткілікті
Ішкі істер министрлі жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу ақысын төмендетпек, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары бойынша:
- 1 жұмыс күніне дейін – 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;
- 3 жұмыс күніне дейін – 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.
облыс орталықтары үшін:
- 3 жұмыс күніне дейін – 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;
- 5 жұмыс күніне дейін – 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.
облыстардың аудандары мен қалалары бойынша:
- 7 жұмыс күніне дейін – 1 116 теңгеден 677,95 теңгеге дейін.
2023 жылғы 30 қазанға дейін жоба ашық талқыланады.