көрнекі фото: Halyq Uni
Үкіметтің қаулысымен бірнеше адам лауазымды қызметке кірісті
Мәдениет және ақпарат министрлігіне 4 вице-министр тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев Мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды, – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.