Астанада Асық атудан халықаралық турнир аяқталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Астанада Асық атудан халықаралық турнир аяқталды

14.11.2023
0
Астанада Асық атудан халықаралық турнир аяқталды
Фото: Мұсағали Тасқалиев

Дүбірлі додаға ерлер мен әйелдер арасында жүзге жуық асықшы қатысып, жарыс көрігін қыздырды

Бүгін Астана қаласындағы «Аспан» спорт кешенінде Гран-При «Азия асығы» халықаралық турнирі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Асық ату федерациясының хабарлауынша, Пәкістан, Үндістан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан құрамалары қатысқан дүбірлі додаға ерлер мен әйелдер арасында жүзге жуық асықшы қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Аса тартысты өткен сында Асық атудан Нұржігіт Ануарбекұлы (Шымкент) жеңімпаз атанса, Павлодар облысының спортшысы Керім Жаздықбай күміс жүлдемен күптелді. Екі қола жүлдеге Ерболат Қаржаубай (Қарағанды облысы) мен Айтуар Испол (Ақмола облысы) иелік етті.

Бес асықтан астаналық Камила Данияроваға тең келер ешкім болмаса, тағы бір астаналық Анаргүл Ходжаниязова екінші орыннан көрінді. Екі қола жүлдені Маржан Мирхамидова (Түркістан облысы) мен Гаухар Жалиева (Қостанай облысы) жеңіп алды.

Сонымен қатар Гран-При «Азия асығы» халықаралық турнирі аясында Астана қалалық Асық ату федерациясының ұйымдастыруымен «Астана сақасы» республикалық турнирі өтіп, Асық атудан түркістандық Амандос Айтқұлов жеңістің биік тұғырынан көрінді. Екінші орындағы Аслан Бұланбай, қос қола медальге ие болған Есен Жұмағұлов пен Дулат Умаров – Астана қаласының асықшылары, – деді Асық ату федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Мұсағали Тасқалиев.

Бес асықтан да астаналық Перизат Елемес қарсылас шыдатпаса,  ақмолалық Көгершін Думан екінші орынға ие болды. Қос қола жүлдені Айжан Серікова (Астана қаласы) мен Айдана Есембекова (Түркістан облысы) жеңіп алды.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған асықшылар Асық ату федерациясы мен Астана қаласы федерациясы тарапынан диплом, медальдар мен қаржылай марапатқа ие болды.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған асықшыларға жүлделерін Асық ату федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанұлы, «Аспан» спорт кешенінің директоры Серік Халелов, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, ардагер асықшы Әсет Рамазанов, Асық атудан мемлекеттік жаттықтырушы Жомарт Оразов, Ақтөбе Асық ату федерациясының президенті Әбілқайыр Сотқаров пен осы ұйымның вице-президенті Оразбай Ұлқабайлар табыс етті.

Енді бүгін түсауа Астанада асық атудан «Жыл үздігі-2023» атағының иегері анықталады.

Ұлттық спортымызды ұлықтап жүрген асықшыларды марапатту рәсімін Асық ату федерациясы ұйымдастырады. Салтанатты іс-шара Rixos President қонақ үйінде болады.

Дастан Жұмабекұлы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Қыз қууда талай жігітті қамшымен сабадым». Шабандоз қыз асау түйені қалай үйреткенін айтты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлттық валютаға 30 жыл: банкноталардың жаңа сериясы таныстырылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.