Бишімбаев ісі: ІІМ тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Мамыр 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Бишімбаев ісі: ІІМ тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

16.11.2023
0
Бишімбаев ісі: ІІМ тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты
Марат Қожаев, фото: Halyq Uni

Экс-министр әйелін өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынды

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев экс-министр Қуандық Бишібаевтың ісіне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің орынбасары аталған қылмыстық іске қатысты «тергеушілер жиі ауысып жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Ондай мәлімет жарияланбайды. Бірінші күні оқиға орнына кезекші тергеу тобы жіберіледі. Ертеңінде тергеу басқа маманға тапсырылуы мүмкін. Сондықтан осындай мәлімет тарап жатқан шығар… (Қылмыстық істі) жалғыз бір адам тергемейді, бір топ маман тергеуі мүмкін», – деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Сондай-ақ ІІМ өкілі жәбірленушінің денесіне сараптама жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сот медициналық сараптамасы әдетте бір ай бойы жүргізіледі, – деді министрдің орынбасары.

Марат Қожаев бүгінде бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын білесіздер. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның нәтижесінде адамның кінәсі анықталып, ол жауапқа тартылады. Қазір сіздерге басқа мәлімет айта алмаймын. Бұл – заң талабы, – деді ол.

Еске салайық, 9 қарашада Астана мейрамханаларының бірінде болған жанжалдан кейін әйел адам қайтыс болды. Марқұм алған ауыр жарақат салдарынан көз жұмған. Ішкі істер министрлігі «Bau» мейрамханасында болған қайғылы жағдайға қатысты Ұлттық экономика министрі лауазымын атқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын, қамауға алынғанын растады.

Елордалық полиция департаменті мейрамханадағы адам өлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы бойынша тергелетінін мәлімдеді. Бұл бапта «Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату – сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген.

Одан бөлек, Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты Астанадағы «Гастро орталық» директоры 2 айға қамауға алынды.

Дәурен Ерболат

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

20 миллионға жеттік: Президент отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бокстан жазғы Спартакиада: Жеті салмақтың нәтижесі белгілі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.