Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Астанада үш бағытта автобус саны артады

Астанада № 22, 35, 71 бағдарлар бойынша жұмыс күндері жүретін автобус саны артады. City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі көрсетілген бағдарлар бойынша қатынайтын автобустарға жаңа транспорттар қосылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«23 қарашадан бастап №22, 35, 71 бағдарлары бойынша жұмыс күндері жүретін автобус саны артады», делінген компания хабарламасында.

Атап айтар болсақ:

  • № 22 бағытта 3 автобусқа (9 бірл. 12 бірл.);
  • № 35 бағдарда 2 автобусқа (13 бірл. 15 бірл.);
  • № 71 бағдарда 2 автобусқа (16 бірл. 18 бірл.).

Компания алдағы уақытта № 307 және № 312 бағдарлардағы автобустар саны көбейетінін айтты.

Дана МЫРЗАҚАДІР

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы еліміздегі су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді

admin_altyalash

Автокөліктерді тұраққа дұрыс қою ережесін сақтау және жолдарды бос ұстау – бұл әр адамның міндеті

admin_altyalash

Ораза кезінде жиі кездесетін 10 қате

admin_altyalash