Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

«720 пәтері бар»: марқұмның үйлері мемлекет меншігіне берілді

Фото: economist.kg

Камчы Кольбаев тұтқындау кезінде қаза тапқан болатын

Қырғыз Республикасында Камчы Кольбаевтың 720 пәтері мемлекет меншігіне берілді. Бұл туралы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі директорының бірінші орынбасары Медер Мәшиев айтты, деп хабарлады 24.kg сайты.

Қырғызстан шенеунігі пәтерлердің бәрі ерікті түрде берілгенін атап өтті. Бұл үйлердің барлығы қылмыс әлемінің серкесі Камчы Кольбаевқа тиесілі болған.

Медер Мәшиевтің айтуынша, Камчы Кольбаевтың 38 жылжымайтын мүлкі де мемлекет меншігіне өткен. Оның ішінде ғимараттар мен жер телімдері, 15 акция мен кәсіпкерлік субъектілерінің жарғылық капиталындағы үлестері, сондай-ақ 356 көлігі бар.

Еске сала кетсек, қылмыс әлемінің серкесі Камчы Кольбаев тұтқындау кезінде қаза тапқан болатын. Осы оқиғадан кейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев қылмыс әлемі серкесінің 820-дан астам пәтері бар екенін, олар мемлекеттік ипотека арқылы халыққа берілетінін айтқан.

Дастан Жұмабекұлы

Ұқсас жаңалықтар

“Таза Қазақстан”: Астанада ауқымды экологиялық бағдарлама жалғасып жатыр

admin_altyalash

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты

admin_altyalash