Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Олардың қатарында волонтерлік және жастар ұйымдары, медиация институттары, ғылыми-сарапшылық қауымдастық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Осы ауқымды жұмысты қолдау мақсатында инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Мәселен, 2026 жылы Қызылорда қаласында жаңа Достық үйі ашылды. Қазіргі уақытта елімізде 36 Достық үйі жұмыс істейді. Онда этномәдени бірлестіктердің толыққанды қызмет жүргізуіне барлық қажетті жағдай жасалған.

Алғыс айту күні аясында республика бойынша 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Олардың қатарында «Алғыс эстафетасы», салтанатты кездесулер мен қайырымдылық акциялары бар. Негізгі іс-шаралардың бірі Бейбітшілік және келісім сарайында өткен республикалық форум болды.

Этномәдени бірлестіктер «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын іске асыруға да белсенді атсалысып келеді. Олардың 300 мыңнан астам өкілі еліміздің барлық өңірлерінде экологиялық акциялар мен іс-шараларға тұрақты негізде қатысады.

 

Ұқсас жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ «АНА – ӘЛЕМНІҢ БЕСІГІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесті

admin_altyalash

Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай Халықаралық конференция өтті

admin_altyalash