«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Kazinform бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келетінін бұған дейін жазған болатынбыз.
Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы бұл сапардың мәні мен маңызы туралы айтты.
Kazinform тілшісі Того Республикасының тарихына, президентіне қатысты ғаламтордағы деректерге көз жүгірткен еді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.