Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

Қызылордада бірнеше автокөлікті соққан жүргізуші қамауға алынды

Фото: pixabay.com

Қызылордада көлігімен бірнеше автокөлікті соққан 29 жастағы мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Облыс орталығындағы Ғ.Мұратбаев көшесі бойында жүргізуші масаң күйде «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігін басқарған.

«Көлік иесі полиция қызметкерлерінің нұсқауына бағынбай, тұрған «Volkswagen Passat» автокөлігіне соқтығысқан. Одан кейін жолда келе жатқан екі автокөлікті соғып, мүліктік шығын келтірген. Құқық бұзушы дер кезінде ұсталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен дерегімен кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада екі жеңгетай әр клиенттен 5 мың теңгеден алып отырған.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан вошёл в число стран Европы и Центральной Азии, где родители всё реже прибегают к насильственным методам воспитания — снижение с 53% до 38%

admin_altyalash

Итоги Генеральной Ассамблеи FEI: Казахстан утверждён страной проведения международных соревнований в 2026 году

admin_altyalash

Форум Power Central Asia + China запускает стратегические проекты в нефтегазохимии и «зеленой» энергетике

admin_altyalash