Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны қалай – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны қалай

05.12.2023
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: БҚО құрылыс басқармасы

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйлер қалай салынып жатыр? Биылғы меже орындала ма? Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің сапасы қандай? Kazinform тілшісі құрылыс саласының мамандарымен тілдесіп, тұрғындар пікірін білді.

Өңір тұрғындарының баспанамен қамтылу жайы қалай?

БҚО құрылыс басқармасы тұрғын үй құрылысы дамуын үйлестіру бөлімінің басшысы Абзал Жұмалиевтің мәлім еткеніндей, биыл өңірде барлық қаржы көздерінен 629,7 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Он айдың қорытындысы бойынша 460,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 104,8 пайызға орындалып отыр. Демек, межеден шығуға толық мүмкіндік бар.

БҚО
Фото: А. Жұмалиевтің жеке мұрағатынан

Абзал Ғиниятұлының сөзіне қарағанда, 2023 жылы «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы аясында жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрғандар үшін 15 көппәтерлі тұрғын үй (1814 пәтер) және ауылдарда 42 тұрғын үй (563 пәтер) құрылысы (барлығы 2377 пәтер) қарастырылған. Соның ішінде жыл соңында 5 көппәтерлі үй (410 пәтер) және ауылдық елді мекендерде 3 тұрғын үйді (93 пәтер) қолданысқа беру жоспарланып отыр. Қалған 10 көппәтерлі тұрғын үй (1404 пәтер) және ауылдарда 39 үй (470 пәтер) 2024 жылы салынып бітпек.

«Бұл ретте қаламен қатар ауылдық жерлерде де тұрғын үйлер бой көтеріп жатқанын аңғаруға болады. Тағы бір айта кетер жайт, биыл халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға республикалық бюджет есебінен 1,7 млрд теңге қарастырылып, облыс бойынша 178 пәтер сатып алу көзделген. Мұнда бір пәтерді қаржыландыру – 9,6 млн теңге. Бұл жұмыс алдағы жылы да жалғасып, 298 пәтер сатып алу жоспарланып отыр», – деді А. Жұмалиев.

Сонымен, биыл бюджет есебінен жыл аяғында 503 пәтер беріледі делінгенімен, бұл тұрғын үйге деген сұранысты өтей алмайды. БҚО құрылыс басқармасының мәліметі бойынша қазіргі таңда облыс көлемінде 31 935 адам кезекте тұр.

Өңірде жер кезегінде тұрғандар саны да азаймай келеді. Күні бүгін бұл тізімде 164 713 адам тұр. Биыл жыл қорытындысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған 2 870 жер телімін инженерлік желілермен қамтамасыз ету жоспарланса, соның 360-ы Бәйтерек, 1 186-сы Бөрлі, 1 324-і Теректі ауданының үлесіне тиеді. Жер кезегінде тұрғандар, әсіресе, Орал қаласында көп.

«Мен кезекке 2004 жылы 3 тамызда тұрып едім. Содан бері жиырма жылға жуық уақыт өтті, кезегім келер емес. Осыдан екі жыл бұрын қарағанымда, 1595-ші болып тұр екенмін. Енді қашанға дейін күтетінім белгісіз», – дейді Орал қаласының тұрғыны Бауыржан Ишанбеков.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

БҚО-да 14 мектеп директоры жауапқа тартылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қайырымдылық, қауіпсіздік және көмек: елордалық еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.