Атыраулық ананың өліміне кінәлі деп танылған дәрігерлерге сот үкімі шықты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Атыраулық ананың өліміне кінәлі деп танылған дәрігерлерге сот үкімі шықты

06.12.2023
0
Атыраулық ананың өліміне кінәлі деп танылған дәрігерлерге сот үкімі шықты
Ult.kz
Сотталушының әрқайсы жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңгеден төлеуі тиіс.
Атырауда ананың өліміне кінәлі деп танылған дәрігерлерге сот үкімі шықты. Істі болған алтауының үшеуі ақталып, біреуі екі жарым жылға сотталды, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Тағы екі медициналық қызметкер шартты жазамен құтылды. Енді олар үш жылға дейін өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмайды.

«Құлап қалу туралы уәждерін сот ешқандай негізге алмайды. Себебі ол еш дәлелін тапқан жоқ. Алу мүмкіндігін көп пайызда растаған, босану сәтінде, босанғаннан кейін көп кешікпей алған жарақаты бейнежазбада нақты көрінген. Босану залында да шағымды сол жерде айтып, баласын үстінен алып тастауды айтып, сол жақ қабырғасын көрсеткені соған дәлел бола алады», – деді Атырау №2 сот судьясы Эльмира Ойқұлова.

Айта кетейік, былтыр қаңтарда Атыраудағы модуль ауруханада аман-есен босанған ана келесі күні жатырынан қан кетіп, ота үстінде қайтыс болды. 37 жастағы марқұмның артында төрт баласы жетім қалды. Қайғыдан қан жұтқан жұбайы мен туыстары бұл жағдайға дәрігерлерді кінәлаған. Өйткені ақ халаттылар босандырған кезде әйелдің денесін қатты жаншып, екі қабырғасын сындырып жіберіпті. Тіпті жас босанған ана қиналып жатқанда да қараусыз қалдырған. Оған қоса, медициналық мекеме науқасқа құятын қан таппаған.

Енді сотталушының әрқайсы жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңгеден төлеуі тиіс. Алайда марқұмның туыстары сот үкіміне көңіліміз толмайды дейді. Сондықтан төрт баланы анасыз қалдырған дәрігерлердің қатаң жазалануын талап етуде.

«Мен балаларыма не айтамын?! Төрт балам бар. «Мамам қашан келеді?» деп күнде сұрайды. Мектепке алып кетуге барамын. Басқа балаларды мамасы алып кетіп жатқанда сұрайды. Маған қиын. Қашанғы алдаймын», – деп көзіне жас алады әке.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

8 жыл күткен: Астанада бірқатар тұрғын үй кешені орталық газбен жабдықтауға ауыстырылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түйе жүнінен ұлттық киім тігеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.