Болат Назарбаевтың қызына тиесілі компания міндетін толық атқармай отыр – депутат – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Болат Назарбаевтың қызына тиесілі компания міндетін толық атқармай отыр – депутат

13.12.2023
0
Болат Назарбаевтың қызына тиесілі компания міндетін толық атқармай отыр – депутат
Айдос Сарым, фото: parlam.kz

Қазақстанның тұңғыш президентінің бауыры – марқұм Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаева шекара заставаларын салатын компанияны басқарып, ірі тендер алған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Айдос Сарым депутаттық сауалын Бас прокурор Берік Асыловқа жолдап, TOLAGAI-2050 компаниясын тергеп-тексеруді сұрады.

«Қазақстанның аумақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 50 шекара заставасын салу жоспарланған. 2022 жылы 20 шекара заставасын салу бойынша тендер жарияланды. Нәтижесінде 53 млрд 894 млн теңге сомасына мердігерлік ұйымдар Kapital construction ЖШС және TOLAGAI-2050 ЖШС-мен жалпы шарттар жасалды. Оған сәйкес, TOLAGAI-2050 компаниясы 40 млрд 350 млн теңге сомасындағы 15 шекара заставасын салуға тиіс еді. Жұмысты орындау мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Алайда жоғарыда көрсетілген шарт бойынша мерзім өрескел бұзылды», – деді Айдос Сарым.

Сонымен қатар жүргізілетін жұмыстардың сапасына шағымдар түскен.

Қолда бар ақпарат бойынша, TOLAGAI-2050 ЖШС биыл 1 қазанда тек 13 млрд 960 млн теңгені игерді. Бұл шарттың жалпы сомасының 35%-ы игерілді деген сөз. Осы объектілер бойынша TOLAGAI-2050 компаниясы шартты орындау мерзімін тағы 9 айға ұзартуды сұрайды. Бұл жобаның айтарлықтай қымбаттауына алып келуі мүмкін, – деді депутат.

Айдос Сарым аталған компания өз жұмысын тиісті деңгейде атқара алмай отырғанын айтты.

«TOLAGAI-2050 ЖШС Алматы қаласы мен Павлодар облысындағы суару желілерін реконструкциялау, Сайрам су қоймасындағы механикалық тазарту және тағы басқа жобалар бойынша жаңалықтарда бірнеше рет сынға ұшыраған компания болып көрсетілді. Компания 80-нен аса азаматтық және әкімшілік сот тергеп-тексеруіне қатысты. Оның 10-нан астамы 2023 жылы өтті. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімінде міндетін адал орындамаушы деп танылды.

Бұл ретте Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті осы жобаның тапсырыс берушісі бола отырып, оған толық заңды негіздері болса да, осы күнге дейін шартты бұзу жөнінде шешім қабылдамаған. 2022 жылғы 3 ақпанға дейін осы компанияның құрылтайшылар тізімінде марқұм Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаева болған», – деді депутат.

Депутат шекара заставаларын салу Қазақстанның аумақтық қорғанысын қамтамасыз үшін маңызды екенін жеткізді.

Құрылыс мерзімдерінің бұзылуы елдің аумақтық тұтастығын бұзу, есірткі тасымалы мен басқа да тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы, жеке тұлғалардың Қазақстан аумағына заңсыз көшіп-қону қаупінің артуына алып келуі мүмкін, – деп сөзін түйіндеді Айдос Сарым.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанда кедейлік деңгейі ең жоғары өңір — Түркістан облысы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Оқулықтағы олқылықтар

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.