Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Ақтөбеде 13 жастағы бала мектепте көз жұмған: денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді

фото: Halyq Uni

Бүгін Ақтөбедегі мектептердің бірінде 7-сынып оқушысы қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасы осы қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді.

13 жастағы бала мектепте құлап, партаның ұшына соғылған. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Қарау кезінде ұйқы артериясында пульсация болмады, қан қысымы анықталмады. Ес-түссіз болды, иек тұсы жараланған. Дереу реанимация басталды. Сағат 11:25-те қайтыс болды, – деді «Диапазон» басылымына Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Куәгерлердің айтуынша, ол сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырыққа шалынып, тамағымен партаның бұрышына құлаған.

Ұқсас жаңалықтар

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жас географтар үшін жаңа мүмкіндіктер

admin_altyalash

Ауыл шаруашылығы техникасын тиімді шарттармен лизингке сатып алудың тағы бір мүмкіндігі туды

admin_altyalash

Қазақ елі Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды

admin_altyalash