Жұбанов университетінің түлегі Америкада қазақ тілінен сабақ береді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Жұбанов университетінің түлегі Америкада қазақ тілінен сабақ береді

19.12.2023
0
Жұбанов университетінің түлегі Америкада қазақ тілінен сабақ береді
фото:Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазір Нұрсұлтан Асылов Массачусетс университетінде “PhD in education” 5 жылдық бағдарламасы бойынша білім алуда.

Жұбанов университетінің түлегі Нұрсұлтан Асылов қазір Массачусетс штатындағы Массачусетс университетінде докторантурада оқиды. Америкалық студенттерге қазақ тілін үйретіп жүрген отандасымыз әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болуда. Ол бала күнінен шет тілдерін үйренуге қызығушылық танытқан, деп хабарлады turkystan.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

«15 жасымда «25 жасыма дейін көп тіл үйренемін» деп алдыма мақсат қойдым. Бүгінде ағылшын, түрік, қазақ және орыс тілдерін білемін және испан тілін үйреніп жүрмін. Мектеп бітіргеннен кейін Жұбанов университетіне шет тілдер факультетіне оқуға түстім. Мамандығым- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 2019 жылы университет бітіргеннен кейін Назарбаев зияткерлік мектебінде, қазақ-түрік лицейінде мұғалім болып жұмыс істедім. Білім беру жүйесіне деген қызығушылығым одан әрі оқуға деген құлшынысым арттырды. «Білім беру саласындағы көшбасшылық» бағдарламасы бойынша Назарбаев университетіне магистратураға түстім. Еуропадағы білім беру жүйесі қалай жұмыс істейді, еліміздегі білім саласына қандай шетелдік инновациялық тәсілдерді қолдануға болатынын зерттегім келді», – дейді Нұрсұлтан Асылов.

Нұрсұлтан шетелде білім алуды армандаған. Ол шетелдік 8 университетке оқуға құжат тапсырып, 2 университеттен шақырту алған. Соның бірі Массачусетс штатының Амхерст қаласында орналасқан Массачусетс мемлекеттік зерттеу университеті. Қазір Нұрсұлтан Асылов “PhD in education” 5 жылдық бағдарламасы бойынша білім алуда. Бұл  – тілдер мен мәдениеттерге ерекше көңіл бөлінетін білім беру саласындағы докторантура. Ол шетелде білім алып қана қоймай, шетелдік студенттерге қазақ тілін үйретуде.

«Массачусетс университетінің лингвистика департаментінде жыл сайын еуропалық емес тілдерді оқыту бағдарламасы өткізіледі. Маған лингвистика факультетінің докторанттарына қазақ тілін үйрету ұсынылды. Мұнда Америка, Испания, Жапония және Қытайдан келген студенттер оқиды. Байқағаным, олар тілге ғылыми тұрғыдан қызығушылық танытады екен. Студенттерімнің қазақ тілін үйренуге деген ынтасы сонша, дәрістерден кейін де қалып жалғастырамыз. Олардың ешқайсысы Қазақстанда болған емес, сондықтан сабақта студенттерді еліміздің мәдениетімен таныстырамын. Америкада шет тілдерін үйренудің ерекше тәсілі бар. Мәселен, жаңа тілді меңгеруде бұрынғы тілдік тәжірибелеріне сүйенеді», – дейді ол.

Нұрсұлтан Асылов «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда. Оқуы аяқталған соң елге оралуды жоспарлап отыр. Әлеуметтік желілердегі парақшасында оқырмандарына ол Америкадағы өмірі туралы, жетістіктері мен сәтсіздіктері жайында қызықты контент ұсынады. Сонымен қатар шетелдік университетке түсуді армандайтын жастарға пайдалы кеңес береді.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бір жылда 165 мектеп пайдалануға берілді – Үкімет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

2300-ден астам жұмысшы және 1400-ге жуық арнайы техника: қыста Астанада коммуналдық қызметтер қалай жұмыс істеп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.