Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Түркістан облысында 27 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды

Фото: polisia.kz
Автокөлік айыптұраққа орналастырылды

Түркістан облысында 27 млн теңге берешегі бар жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркістан қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары сот орындаушылармен бірлесіп, рейдтерді жалғастырып жатыр. Яғни бұл жолы патрульдік полиция қызметкерлеріне «Қорғау» қосымшасы арқылы төленбеген қарызы бар 47 жас шамасындағы автокөлік жүргізушісі туралы хабарлама түскен.

Түркістан қаласының тұрғыны – Toyota Сamry 55 автокөлік иесінің 27 миллион теңгеден астам қарызы бар екені анықталып, автокөлік айыптұраққа орналастырылды.

Полицейлер тарапынан жүргізушіге берешек пен салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттігі туралы ескертілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады

admin_altyalash

Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтті

admin_altyalash

Екібастұзда аяғы ауыр әйел көпқабатты үйден құлап кетті

admin_altyalash