Ескі автомобильдердің кесірінен көлік апаты жиі болып жатыр – сенатор – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ескі автомобильдердің кесірінен көлік апаты жиі болып жатыр – сенатор

28.12.2023
0
Ескі автомобильдердің кесірінен көлік апаты жиі болып жатыр – сенатор
фото: Halyq Uni
Биыл 10 айда жол-көлік оқиғасынан 2 мыңға жуық адам қаза тапқан

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Қазақстанда жыл сайын көлік апатынан 2 мыңға жуық адам көз жұматынын, мәселеге назар аударатын уақыт жеткенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады.

Елімізде жыл сайын жол апатынан 2 мыңға жуық қазақстандық ажал құшып отыр. Соңғы 5 жылда 1 100-ден аса жасөспірім қайтыс болған. 2023 жылғы 10 айда 11 618 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 942 адам қаза тапты. Өткен жұмада Алматы қаласында 3 адам өмірін қиған көлік апаты еліміздің мегаполистеріндегі шешілмей келе жатқан бірқатар өткір мәселелерді көрсетті, – деді Бибигүл Жексенбай.

Оның айтуынша, ірі қалаларда халықтың саны өсіп жатыр.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығынының мәліметінше, 2030 жылға қарай халық саны Астанада 33%, яғни 1,7 млн адамға, Алматыда 20%, 2 млн 466 мың адамға, Шымкентте 32% немесе 1,5 млн адамға артады. Бұл – ел халқының төрттен біріне жуығы осы мегаполистерде шоғырланады деген сөз.

Қазір бұл қалалардағы халықтың едәуір бөлігі шет аймақтарда, жеке сектормен қосылған аудандарда тұрады. Мұнда мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығы жоғары. Адамдар балаларын мектепке жеткізу үшін қаншама шақырым жеке көлікпен жүруге мәжбүр. Сондықтан бұл қалалардағы өзге мәселелермен қатар, қоғамдық көлік тапшылығы мен жол кептелістері үлкен проблемаға айналды, – деді сенатор.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 млн 216,1 мың көлік тіркелген.

«Оның 88%-ы – жеңіл автомобиль, 9,9%-ы – жүк көлігі және тек 2,1%-ы – автобус. Жеңіл автокөліктер саны күн сайын еселеп көбейіп жатыр. Жол апатына қатысты тағы бір фактор, біздің жан басына шаққандағы жол-көлік оқиғаларының саны әлем бойынша орташа болғанымен, автокөліктердің ескі болуы, тіпті көп жағдайда қауіпсіздік жастықтарының да жоқтығы, өлім-жітімнің жоғары болуына әкеліп отыр», – деді депутат.

Сондай-ақ Бибігүл Жексенбай көлік кептелісінен жүргізушілер де зардап шегіп жатқанын атап өтті.

Мамандардың есебіне қарағанда кез келген елде кептелістен зардап шегетін – көлік жүргізушілері. Олар жылына жол кептелістеріне 360 сағат немесе 45 жұмыс күнге дейін құртады екен. Онымен қоса кептелісте жиі әрі ұзақ тұру жанармай шығыны ғана емес, бөлінетін улы газдан өкпе ауруларының туындауына әкеліп соғады. Қазақстандық автокөліктердің 82,1%-ы бензинмен жүреді. Сондықтан мегаполистердегі қазіргі жол кептелістері қатардағы жергілікті мәселелер деңгейінен шығып кетті, – деді сенатор.

Ол мәселені шешу үшін төмендегі шараларды ұсынды:

  • Халқы жылдам өсіп жатқан қалалардың орталықтары мен шеткері аймақтары бойынша үйлестіру және сауда-қызмет, демалыс орындарын біркелкі орналастыруды қатаң бақылау;
  • Қала қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтан автоматты басқару және «ақылды» бағдаршамдар жүйесін енгізу;
  • Маршруттардың, қоғамдық көлік бөлімшелерінің санын, оларға арнайы жолақтарды көбейту және қоғамдық көлік сапасы мен қауіпсіздігін күшейту;
  • Автопарктердің көмегімен қызмет көрсетудің жоғары деңгейлі стандарттарын белгілеу;
  • Транзиттік ағынды қаланың ішкі көлік ағынынан ажырату үшін жолдарды жеке деңгейде салу;
  • Сарапшылар пікіріне сәйкес, белгілі бір уақытта кептеліс аймақтарында ақы алуды да қарастыру;
  • Көлік кептелісі проблемаларын шешуде жол қозғалысын реттеу жөніндегі жергілікті уәкілетті органның рөлі және жеке компаниялардың жауапкершілігін күшейту.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ерлан Қошанов Мәжілістің 2023 жылғы жұмысын қорытындылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ауыспалы нөмірлерден жасалған 43 млн-нан астам қоңырау бұғатталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.