Біріккен күрес әлемі (UWW) еркін күрестен жылдың қорытынды рейтингін жасады. Онда үздік балуандар тізімі жарияланды. Kazinform бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Еркін күрестен Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. Екінші орында Грузия, үшінші сатыда Әзербайжан балуаны жайғасқан.
86 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Азамат Дәулетбеков рейтингінің екінші сатысында тұр. Ол бұл кестеде әйгілі Хасан Язданиді басып озған.
79 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы Болат Сақаев төртінші орынға тұрақтады.
Айта кетелік, рейтингіні түзу барысында балуандардың әлем, құрлық чемпионаттары мен Азия ойындарында көрсеткен нәтижелері есепке алынды.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.