Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Ризабек Айтмұхан жылдың қорытынды рейтингінде көш бастады

Фото: Olympic.kz

Біріккен күрес әлемі (UWW) еркін күрестен жылдың қорытынды рейтингін жасады. Онда үздік балуандар тізімі жарияланды. Kazinform бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

Еркін күрестен Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. Екінші орында Грузия, үшінші сатыда Әзербайжан балуаны жайғасқан.

86 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Азамат Дәулетбеков рейтингінің екінші сатысында тұр. Ол бұл кестеде әйгілі Хасан Язданиді басып озған.

79 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы Болат Сақаев төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетелік, рейтингіні түзу барысында балуандардың әлем, құрлық чемпионаттары мен Азия ойындарында көрсеткен нәтижелері есепке алынды.

Ұқсас жаңалықтар

БЮДЖЕТ, ПОТРАЧЕННЫЙ НА БРОДЯЧИХ ЖИВОТНЫХ!

admin_altyalash

Аскар Мамин принял участие в глобальном саммите по изменению климата COP26

admin_altyalash

В Астане завершился международный турнир по бадминтону Astana International Challenge 2025

admin_altyalash