Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Елена Рыбакина Брисбенде жаңа маусымның алғашқы жарысын екінші айналымнан бастайды

Фото: Sports.kz

Аустралия ашық біріншілігі қарсаңында 31 қаңтар – 7 қаңтар аралығында осы елде өтетін Брисбен WTA 500 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жаңа маусымдағы алғашқы жарысты екінші айналымнан бастайды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда корт иесі, дүниежүзілік рейтингте 115-орында тұрған Кимберли Биррелл немесе оның қарсыласымен кездесуі мүмкін.

Аталмыш турнирде қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатыр.

Доданың бірінші ракеткасы болып дүниежүзілік рейтингте екінші тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенко тіркелген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Бублик пен Недовесовтің жұптық сында кіммен бірге ойнайтыны анықталғанын жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Менеджер автосалона прихватил с собой сейф с 30 млн тенге в Кокшетау

admin_altyalash

Состоялся семинар на тему «Диагностика устойчивости студентов к вовлечению в деструктивные социальные эпидемии»

admin_altyalash

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

admin_altyalash