Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарДенсаулықЖаңалықтар

Жетісу облысында көпбалалы ана суицид жасады

фото: korenovsk-rc.ru

Жетісу облысында көпбалалы ана өз-өзіне қол жұмсады. Полиция іс қозғады.

Қайғылы оқиға туралы 3 қаңтарда журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеген болатын. Ол таратқан ақпаратқа қарағанда, 35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсанда кешке құрбысы ауруханаға жеткізген.

Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел аспирин дәрісінің 10 қорабын ішіп, бір күннен кейін қайтыс болғанын айтты, – делінген мәліметте.

Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған.

Ұқсас жаңалықтар

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері мәресіне жетті

admin_altyalash

Абай облысында заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды

admin_altyalash

Тоқаевтың реформалары оған жоғары қоғамдық рейтингті қамтамасыз етті – еліміздің Президентіне респонденттердің 77,1 пайызы сенім артады

admin_altyalash