Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Үкіметте экономиканы одан әрі өсіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Үкіметтің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары бойынша мемлекет басшысының қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысқа дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының Жолдауларында және сайлауалды бағдарламасында белгіленген реформаларды жалғастыру аясында экономиканы одан әрі көтеруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және туризм салаларындағы міндеттер мен жобаларды іске асыру, сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдауды нығайту мәселелері қаралды.

Бұдан басқа, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ инфляцияны одан әрі төмендету жөніндегі шаралар талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда гипоаллергенді A2 сүті өндірісі жолға қойылады

admin_altyalash

Біз білім мен инновацияға негізделген экономика құрып жатырмыз

admin_altyalash

Шымкент қаласында XII Азаматтық форум өтті

admin_altyalash