Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Лазги» фестивалінде екінші орын иеленді

26-29 сәуір күндері Өзбекстанның Хива қаласында өткен III халықаралық «Лазги» би фестивалінде «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Қазақстан атынан өнер көрсетті.

Фестиваль аясында ансамбль қазақтың «Қыз қуу», «Домбыра дастан» билерін және өзбек халқының «Хорезм термәлері» биін шебер орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Нәтижесінде «Ең үздік сахналанған би» аталымы бойынша 2-орынды иеленді.

Ауқымды мәдени іс-шараға әлемнің 15 елінен келген өнер ұжымы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Түркия, Индонезия, Пәкістан, Малайзия, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан болды.

Айта кетейік, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі аталмыш халықаралық фестивальге алғаш рет қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ПРЕЗИДЕНТ ПАРКІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_altyalash

Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындары басталды

admin_altyalash

Р. Зайытов азаматтардың шоттарының қауіпсіздігін сақтауда банктер еш жауапкершілік алмайтынын сынады

admin_altyalash