Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Алматы облысында зейнеткерлерді өлтірген қылмыскер 12 жылдан кейін ұсталды

фото: zakon.kz
Ол Өзбекстанның Үшқорған қаласында қолға түскен

Алматы облысында екі зейнеткерді өлтіріп кеткен қылмыскер 12 жылдан кейін Өзбекстанда ұсталды.

Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 2 адамның өліміне қатысы бар, іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстаған.

Ер адам 2012 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүріп, зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен, – деді Руслан Назаров.

Ал Астана полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірге ЖШС директоры мен құрылтайшысын құрықтады. Олар бұған дейін ұсталған тағы 2 фирма директорымен бірге 2020 жылы 144 үлескердің ақшасын жымқырып кеткен. Шығынның жалпы сомасы – 4 млрд теңге.

Жалпы, биыл жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталған. Бұдан бөлек, криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды тапты.

Ұқсас жаңалықтар

1000 гектар аумаққа зәйтүн ағаштарының көшеттерін отырғызу жоспарлануда

admin_altyalash

Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акция Ақтөбе облысында жалғасты

admin_altyalash

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өтеді

admin_altyalash