Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Дубайдағы беделді бәйгеде қазақстандық сәйгүлік жеңіске жетті

Фото: instagram.com/m_s_n_8823

12 қаңтарда Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazinform. 

2000 метрге жарысқа 13 жылқы қатысты. Шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстандық сәйгүліктің жанкүйерлері жеңіске жеткен видеоны әлеуметтік желілерге жариялады.

– Қазақстандық Кабирхан жылқысы Дубайда өткен бәйгеден әлемдік турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Бұл – сенсация, – деп жазды видео авторы.

Сәйгүлік екі апта демалыстан кейін, Al Maktoum Challenge екінші кезеңіне қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болып сайланды

admin_altyalash

Қазақстан өзін негізгі азық-түлікпен толық қамтуы керек – Премьер-Министр

admin_altyalash

«Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты сот басталды

admin_altyalash