Барлығы 9 қазақстандық спортшы финалға шыққан
Қазақстандық боксшылар Дебреценде (Мажарстан) Иштван Бочкаиды еске алуға арналған халықаралық турнирде бес алтын алды, деп жазады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Барлығы 9 қазақстандық спортшы финалға шықса, соның бесеуі чемпион атанды.
Атап айтқанда, Асхат Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта украиналық Андрей Тишковечті басым дауыспен жеңді.
Сондай-ақ Асылжан Серікбай (57 кг) мажарстандық Роланд Верешті, Бибарыс Жексен (60 кг) тағы бір шаршы алаң иесі Крузито Ковачты, Ертуған Зейнуллинов (63,5) Ричард Ковачты басым дауыспен ұтты. Ерасыл Жакпековтің (80 кг) қарсыласы, мажарстандық Пал Ковач рингке шықпағандықтан, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Даниял Сәбит (51 кг) мажарстандық Аттила Бернатқа басым дауыспен есе жіберді. Тағы бір мажарстандық Габор Вирбан (54 кг) Кенже Мұратұлын төрешілердің бірауыздан шешімімен қапы қалдырды.
Сабыржан Аққалықов (71 кг) украиналық Юрий Захареевке басым дауыспен жол берді. Темірлан Мұқатаев та (86 кг) украиналық Данил Жасаннан жеңіліп қалды – 0:5.