Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыДенсаулықЖаңалықтар

ШҚО-да жыл басынан бері 59 адам қызылша жұқтырды

Фото: Freepik

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында қызылша жұқтырғандар саны артып келеді.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша қаңтар айының басынан 59 адам қызылша жұқтырды.

Оның ішіндегі 32-сі ересек, 25-і 14 жасқа дейінгі бала, 2-сі жасөспірім.

«Сырқаттанғандардың 30,5 пайызы екпе алмаған және вакцинация туралы мәліметі жоқ адамдар. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 7 қаулысына сәйкес, өткен жылдың 6 қарашасынан қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинация жүріп жатыр. Жалпы облыста 6 айдан 11 айға дейінгі 6960 бала екпе алуға жатады. Осы күнге дейін олардың 44% пайызына екпе салынды» делінген ақпаратта.

Ал 2-4 жастағы екпе алуға жататын бала саны — 24 700.

Бүгінде олардың 73,4% пайызы вакцина салдырған.

Ұқсас жаңалықтар

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Қызылорда облысының жастары белсенді қатысуда

admin_altyalash

Ақтауда әжетханасы бар аялдама пайдалануға берілді

admin_altyalash

«Мен бәрінен айырылдым – бостандықтан, отбасымнан, балаларымнан» — алаяқтық үшін сотталған әйелдің хикаясы

admin_altyalash